Шығысқазақстандық жас ғалым полиэтилен материалдарына балама әзірлеп жатыр
Amanzholov University жас ғалымы Нариман Қайырбеков полиэтилен пакеттерге балама жасаумен, соя өсімдігіне оңтайлы жағдай туғызу, сондай-ақ отын элементтерін әзірлеумен айналысады, деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Нариман педагогтар отбасында дүниеге келген. Әкесі Руслан Қайырбеков химия пәнінің мұғалімі болса, анасы Раушан Тілеуханова бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Нариман ес білгелі әкесінің ғылым-білім, белгілі ғалымдар туралы айтып, онымен химиялық тәжірибелер жүргізгенін айтады. Мектеп кезінен бастап кішкентай Нариман түрлі химия сайыстарына қатысып, түрлі олимпиадаларда жеңіске жетті. Бұл оның мамандық таңдауына түрткі болды. Қазір Нариман “Химия” мамандығы бойынша үшінші курс студенті. Сонымен қатар, жоғары оқу орны жанындағы ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханада ғылыми қызметін жүргізуде.
– Ғылым еңбекқорлықты, шыдамдылықты, табандылықты қажет етеді. Көптеген адамдар оны түсінгенін және сүйгенін қалаймын. Неліктен мен дәл осы қасиеттерді атап өттім, өйткені оның құлдырауы көп, сондықтан шыдамдылық аса маңызды. Ұзақ уақыт бойы бір нәрсе жұмыс істемеуі мүмкін, әлбетте дәл мұндайда еңбекқорлық пен шыдамдылық қажет. Өкінішке қарай, бәрі бірдей шыдай бермейді, – дейді Нариман Қайырбеков.
Нариман өзінің ғылыми өмірінде оң әсерін тигізген адам туралы сұрағанда Сәрсен Аманжолов атындағы университет ғалымы Кыдырмолла Ақатанды ерекше атады. – Менің ұстазым әрдайым қолдап келеді. Университет жанындағы ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханаға тәжірибеден өткен кезде, басында расымен менде ешқандай негізім қалыптаспаған еді. Алғашында бұған іштей қатты ренжідім, бірақ Кыдырмолла Акатан мені жігерлендіріп, бас тартпауға шақырды. Егер қазір жұмыс істемесе, онда келесі жолы нәтиже болады, сіз тырысып, берілмеуіңіз керек екенін үнемі айтты”, – дейді Amanzholov University жас ғалымы.
Нариман Қадырбеков Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғалымдарымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтып берді. Олардың біріншісі сапалы егін жинауға бағытталған.
– Қазір біз соя өсімдігіне оңтайлы жағдай жасауға тырысамыз. Оңтайлы жағдай жасау дегеніміз – тұқымдарды алдын-ала өңдеуді білдіреді. Температураның шамалы төмендеуімен немесе басқа сыртқы факторларға байланысты кірістілік төмендейді. Соя тамақ өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар көптеген саланың ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің әзірлеу әр түрлі сұрыптарында пайдаланылады, кейін тәжірибе алаңында егеміз. Егіс алдындағы өңдеу үшін табиғи полимер мен сорбент негізіндегі сұйықтық қоспасы, сондай-ақ біздің кешеніміз қолданылады. Кешен бактерияға қарсы қасиеттері бар мыс иондарынан тұрады, оның ішінде метаболизмді жақсартатын және биостимуляторлық қасиеттері бар басқа компоненттерден тұрады, – деді Нариман Қайырбеков.
Нариман мектеп кезінен табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу бойынша жұмысты қолға алып, оны жүзеге асыруда университет ғалымдарымен ынтымақтастық орнатқан. Бұл материал пластикалық пакеттерге балама болып табылады. Оның жобасы крахмал негізінде биологиялық ыдырайтын материал жасау. Ғалым шикізатты қазақстандық өндірісті пайдалануды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, материалы басқалардан өзгеше болмақ.
– Целлюлоза негізінде де жұмыс істеуге болады. Оларды суда еріту жеткілікті және олар қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Бұл жобамен мен мектеп қабырғасынан бері айналысып келемін, нәтижелері де бар. Олар мені ақырындап қуантады. Соңғы нәтижеге дейін әлі де жұмыс істеу керек. Биологиялық ыдырайтын материалдың қазақстандық өнімін шығару менің үлкен арманым, -деп атап өтті жас ғалым.
Университет қабырғасында Нариман тағы бірнеше жобалармен жұмыс істейді. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының тапсырысы бойынша – отын элементтері негізінде энергиямен қамтамасыз ету құрылғысы мен технологиясын құрумен айналысуда. Жас ғалымның айтуынша, өзі жүзеге асырғысы келетін идеялар өте көп. Дегенмен оның басты арманы – Нобель сыйлығын алу және Қазақстан дамуына елеулі үлес қосу.