KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

ШҚО-да тағы да аптап ыстық болады

Фото: dauletten.kz

30.06.2023, 14:36 492 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК шілде айының басына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

1-3 шілде аралығында елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Күндіз ауа температурасы батыста +27+35°C дейін, солтүстік-батыста +22+32°C дейін, елдің орталығында +30+35°C дейін, ал шығыста +25+33°C аралығында және оңтүстік-шығыста +32+37°C дейін көтеріледі.

   Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшеюі және жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. 1-2 шілде күндері солтүстік пен орталықта, ал 2-3 шілдеде шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, дейді синоптиктер.

1 шілде күні ШҚО-да жауын-шашын болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу