KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Шығыс Қазақстанда республикалық лекторий өтті

21.12.2021, 15:17 56

Бүгінде біздің еліміз 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкіліне ортақ отан болып отырған көпұлтты мемлекет. Облыстық Достық үйі де осы тақырыпта белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын жақсы білеміз. Сондай шаралардың бірі бүгін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау бойынша республикалық лекторий өтті.

- ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз біраз жетістіктерге жетті деп айта аламыз. Алайда, 30 жыл бұрын еліміздің гүлдеген, болашағы жарқын ел болатынына сенбейтіндер көп болды. Қуанышымызға орай, ол болжамдар орындалған жоқ. Бүгінде Қазақстанда тату-тәтті 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Менің ойымша, әрбір ел тұрғыны мемлекеттік тілді білуі керек. Біраз жылдардан соң қазақ тілі – этносаралық тілге айналады деп үміттенемін, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева.

Жоғарыда аталған шара көздің жауып алатын әр ұлт өкілдері дайындаған көрмемен басталып, артынша ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов пен ҚР Парламент Сенатының депутаты Булавкина Ольганың қатысуымен коференция өтті. Ол жерде өз қызметін түрлі салаларда жүзеге асыратын спикерлер ұлттық бірегейлік қағидаттарының негізделуі туралы айтып, "Этномәдени бірлестіктердің қоғамды топтастырудағы рөлі", "Этносаясат бейбітшілік пен келісімді нығайтудың негізі ретінде", "Этносаралық қақтығыстарда этномедиацияны қолдану перспективалары", "Этносаралық келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарату" және тағы басқа өзекті тақырыптар көтерілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив