Өскеменде жәрмеңке қайта жанданды
Өскемен қаласы мен қала маңындағы аудандардың шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері бұрынғы Металлургтер мәдениет сарайының алаңында жәрмеңке өткізді. Кәсіпкерлер базарлықтарын алып келіп қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жәрмеңкеге қайтадан жан біткеніне қала тұрғындары да, кәсіпкерлер де разы. Іркіліп қалған саудамыз қайтадан дөңгелеп, бойымызды жазып қалдық дейді ауылшаруашылық тауар өндірушілері.
Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдері, шұжықтар, бал, көкөністер мен жемістер көптеп сатылды. Мұнда қолөнершілер де өз еңбектерінің жемісін саудаға шығарған.
Айдос Мырзахметов
Фото: Жібек Нұрахмет