KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Облыс құрамасы жас өнертапқыштар сайысына қатысты – ШҚО

Фото: gov.kz

13.06.2023, 16:31 410

8-11 маусым аралығында техника саласындағы шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы ұйымдастырылған.

Жарысқа қатысқан облыс құрамасы 2 жүлдемен оралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қатысушылар зымыран және авиа, авто, су көлігін құрастыру бойынша жарысқан.

Жарыс балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға, тұлғаның бәсекелестік қабілетін дамытуға жағдай жасауға, білім алушылардың нақты бағытты таңдауына жол көрсетуге бағытталған.

Қорытынды бойынша ШҚО құрамасы 2 жүлде алды. Республикалық сайыста ІІ орынды Егор Какоткин (Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясы), ІІІ орынды Алдияр Ерболатұлы (Тарбағатай ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі) иеленді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив