KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
520.91 544.25 5.29

Боран, жауын-шашын, аяз. Алдағы 3 күнде ауа райы

4.10.2021, 13:40 237

"Қазгидромет" синоптиктері 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Ақпарат бойынша, осы уақытта ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы циклонға байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.

"Жауын-шашынмен тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Түнде ҚР батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады", - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу