Шығыс Қазақстанда -42°-қа дейін аяз болады
pexels.com
Қазгидромет ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, айдың бірінші онкүндігінде түнгі температура -15-20°С (облыстың таулы аймақтарында -25-30°С) аралығында болса, күндіз -7-12°С (таулы аймақтарда -17°С) аралығынан 0,+5°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Екінші онкүндікте ауа температурасының төмендеуі болжануда: түнде -32-37°С (солтүстікте және таулы аймақтарда -42°С-қа дейін), күндіз -22-27°С (солтүстікте және таулы аймақтарда -30°С-қа дейін) болмақ.
Үшінші онкүндікте аяз сәл әлсіремек, бірақ айтарлықтай емес. Түнде -32-37°С-тан -15-20°С-қа дейін (солтүстікте және таулы аймақтарда -42°С-тан -25°С-қа дейін), күндіз -22-27°С (солтүстікте және таулы аймақтарда -30°С) аралығынан -10-15°С-қа дейін жылытады деп күтілуде.