Барлығына және әркімге арналған жұмыс
Мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналасу мәселесі біршама күрделі. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорындарға штаттық санына байланысты жұмысқа мүгедектерді қабылдауға квота белгіленеді.
Қазіргі уақытта зауытта физикалық ерекшеліктері бар 20 адам жұмыс істейді және кәсіпорын мүгедектігі бар жаңа қызметкерлерді қабылдауға дайын.
ҮМЗ-де еңбек ететін зауыттықтар түрлі лауазымдарда жұмыс істейді. Олардың арасында химиялық талдау зертханашылары, автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь, аудармалар және құжаттаманы басқару тобының жетекшісі, жетекші инженер-зерттеуші, электргазбен дәнекерлеуші, аппаратшы, инженер-технолог, дозиметрист, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер бар.
Сұхбаттасуда әлеуетті кандидатқа барлық еңбек жағдайлары және оның функционалдық міндеттері сипатталады, бұл ретте кандидат денсаулық жағдайына байланысты таңдалған бос жұмыс орнына сәйкес келе алатынын өзі шешеді.
Үлбі металлургиялық зауыты жауапты жұмыс беруші болып табылады және жұмысқа орналасу тұрғысынан өте тартымды. Кәсіпорын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес барлық жеңілдіктерді ұсынады. Сонымен қатар, барлық жұмыскерлер үшін ауқымды әлеуметтік пакет көзделген, оған қосымша мүгедектігі бар адамдар үшін ұжымдық шарты бойынша жеке жеңілдік беріледі. Бұл ШҚО-да демалуға өтемақы төлеу. Сондай-ақ, ұжымдық шартқа қарап-тексерілуге және емдеулге қосымша күндер беру туралы, тіс протездеуге арналған шығындарды өтеу туралы тармақтарды енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұған қоса, қажет болған жағдайда, кәсіпорын мүгедектердің жұмыс орнын олардың жұмыс істеуін жеңілдететін қосымша құрылғылармен жабдықтауға дайын екендігін Евгений Данько атап өтті.
Үлбі металлургиялық зауытындағы өз жұмысы туралы сынау орталығының бақылау-өлшеуші аспаптар және автоматика жөніндегі слесарі Никита Долгорёв айтып берді. Оның бала кезден мүгедектігі бар. Кәсіпорынға Никита үш жыл бұрын келді. Жұмысқа тұру барысында барлық кезеңдерде онымен персонал жөніндегі директор қызметінің жұмыскерлері бірге жүріп, кеңес берді.
Өзінің жұмыс күнін Никита физикалық белсенділік пен компьютермен жұмыс жасауды үйлестіру үшін жүйелі түрде ойластырады.
ҮМЗ-де жұмыс істеген ұнайды, себебі нақты адамдар нақты істерді жасайды, – дейді. Ал жоспарда – жаңа мамандықты игеріп, алған білімін зауытта қолдану.
Жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша келесі телефондарға: 8 777 147 55 05, 29-87-90, 29-83-91, 29-85-53 немесе келесі мекенжайға хабарласуға болады: Абай даңғылы, 102, 1-корпус (оңтүстік өткел), 211-213 кабинеттер.
Анна Чумина,
Үлбі металлургиялық зауытының баспасөз-қызметі