KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Беташар салты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді

e-history.kz

5.12.2024, 20:00 372 Төлеуғазы Жансая

Қазақтың ежелгі салттарының бірі – Беташар, ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. Бұл шешім Парагвай астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қабылданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өз мәлімдемесінде: "Қазақтың беташар салты Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді", – деп хабарлады.

Айта кетейік, беташар салты мен қазақтың басқа да ұлттық дәстүрлері, соның ішінде салбурын, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу