KZ
Өскемен
-28°
туман жел 2 м/с, З
514.93 536.04 5.18

Талдықорған-Өскемен тас жолы құрылысы қайта жанданды

6.09.2021, 15:55 177

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Өскемен» тас жолының құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Алматы облысының шекарасы мен Қалбатау ауылына дейінгі 454 шақырым жол инфрақұрылымды дамыту жөніндегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр жөнделе бастаған. Алғашында қарқынды басталған жұмыс биыл шілде айында құрылыс материалдарының 30-50 процентке қымбаттауына байланысты іркіліп қалған еді.  

– Өткенде репортаждар шығып, сәл тоқтап кішкене жұмыстың қарқыны құлап еді, енді қазір репортаждан кейін Үкімет басшысы мен министрлікпен шешілген шаруамен қосымша қаражат бөлінген. Соған байланысты Талдықорған-Өскемен жолында бағытында қайтадан жұмыстар басталып, жүргізіліп жатыр. Асфальт төсемдерін салып жатырмыз. бұйырса, қысқа дейін 85-86 процентке жеткіземіз бе деп ойлап тұрмыз, - дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ ШҚО филиалы жетекшісінің м.а. Асылбек Нұғманов.

Жарма ауданына қарасты Қапанбұлақ елдімекенінің тұсында осы жол учаскесінде әдетте қыс кезінде ауыр жүк көліктері мына жерге шыға алмай тайғанақтап, қиналушы еді. Енді міне, жолды қайта жаңғырту кезінде осы олқылықтың орнын толтыру үшін бұл жерде 13 метрге дейін тереңдетіліп, тау мен тас қопарылып, қазір 60 мың текшеметрге жуық тау жынысы сыртқа шығарылып жатыр. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу