Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

pexels.com
15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтары күні атап өтіледі. 2025 жылы Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтары күнінің тақырыбы "Тұрақты өмір салтына әділ көшу" ұранымен анықталды.
Тұрақты өмір салтына көшудің маңызды факторы - қоршаған әлемге зиян келтірмейтін ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану, сондай-ақ экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы тауарлар мен қызметтердің қолжетімді таңдауы болып табылады.
Әрбір адам тауарлар мен қызметтерді таңдау және тұтынудың қарапайым кеңестерін сақтай отырып, қоршаған ортаға әсер ететін жағымсыз салдарын азайтуға әсер ете алады.
Саналы тұтынудың негізгі қағидаттарын бөліп көрсетуге болады:
- Саналылық: тұтынушы тауарларды таңдай отырып, тауардың қалай өндірілетінін, өндірістің және тауардың өзінің пайдалану кезінде және утилизациядан кейін қоршаған ортаға қалай әсер ететінін білуі керек.
- Минимализм: шамадан тыс тұтынудан бас тарту және қарапайымдылыққа ұмтылу. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтер неғұрлым аз қажет болса және олардың құрамы неғұрлым қарапайым болса (құрамдас бөліктері неғұрлым аз болса), соғұрлым аз тауарлар өндіріледі және қоршаған ортаға соғұрлым аз жағымсыз әсер етеді.
- Экологиялық тұрақтылық: экологиялық зиянды ең аз келтіретін немесе мүлдем зиян келтірмейтін тауарлар мен қызметтерді таңдау қажет, атап айтқанда экологиялық сертификаттары бар тауарларды сатып алу, бір реттік бұйымдарды пайдалануды азайту.
- Әлеуметтік жауапкершілік: тауарларды ұтымды таңдау және тұтыну тауарларды өндіру мен тұтынудың әлеуметтік аспектілерін ескеруді қамтиды. Бұл өндірістің этикалық стандарттарын сақтайтын, лайықты және жайлы еңбек жағдайларын және өз қызметкерлерінің еңбегіне әділ ақы төлеуді қамтамасыз ететін компаниялар мен ұйымдарға басымдық беруге тұрарлық дегенді білдіреді.
- Жергілікті тұтыну: тауарларды таңдағанда жергілікті тауарлар мен қызметтерге басымдық беруге тұрарлық, өйткені жергілікті өндірушіні қолдаудан басқа, бұл сонымен қатар тауарды өндірушіден тұтынушыға тасымалдау уақыты мен қашықтығын азайтуға ықпал етеді, бұл көліктен зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтуға әкеледі.
Жоғарыда көрсетілген қағидаттардан шыға отырып, тұрақты өмір салтына көшу үшін бірнеше ұсыныстарды бөліп көрсетуге болады.
- қайта пайдалануға болатын, сондай-ақ тауарды мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмағаннан кейін өңдеуге болатын тауарларға басымдық беру қажет. Мысалы, бір реттік пластикалық стаканның орнына керамикалық кружканы немесе өңдеу оңайырақ қағаз стаканды пайдалану.
- энергияны үнемдейтін электр құрылғыларын пайдалану. Мысалы, қыздыру шамдарының орнына жарықдиодты шамдар, сондай-ақ энергия тиімділігі жоғары сыныпты техника, мұнда "A +++" - электр энергиясын төмен тұтыну, ал "G" - жоғары тұтыну. "А" деңгейінен төмен емес энергия тиімділігі сыныбы бар техникаға басымдық берген дұрыс.
- су шығынын азайтуға тырысу және ағып кетуді уақтылы жою, су пайдаланылмаған кезде оны өшіру, мысалы, тістерді тазалау кезінде шүмекті жауып, ауызды шаю қажет болғанда оны ашу. Суды аз тұтынатын жабдық пен құрылғыларды пайдалану. Мысалы, аэраторы бар араластырғышты пайдалану, өйткені аэратор арнайы тесіктердің көмегімен ауаны сорып, осылайша қысымды жоғалтпай су шығынын азайтады. Сонымен қатар, жеке үйде немесе бақта жаңбыр суын жинап, оны шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдалануға болады.
- жеке автомобильдің орнына қоғамдық көлікті көбірек пайдалану, экологиялық таза көлік түрлерін таңдау, мысалы, трамвай, троллейбус немесе газ отынымен жүретін автобус. Ал жеке автомобильді пайдаланған кезде оны басқа адамдармен бірге пайдалануға тырысу, мысалы, көршілерді немесе әріптестерді жеткізу. Жаңа автомобиль сатып алғанда электрлік немесе гибридті автомобильге басымдық берген дұрыс. Қозғалтқышсыз көлікті – велосипедті, самокатты және/немесе т.б. пайдалану немесе жаяу жүру ең жақсы.
- өз тұрғын үйіңізді энергияны үнемдейтін ету, атап айтқанда қабырғалардағы/терезелердегі саңылауларды герметизациялау және жылу оқшаулауды жасау, бұл қыста тұрғын үйді ең тиімді жылытуға және жазда салқындатуға және нәтижесінде ресурстар шығынын азайтуға әкеледі. Қоршаған орта температурасына байланысты үй температурасын автоматты түрде реттеуге мүмкіндік беретін интеллектуалды термостатты пайдаланыңыз. Күн панельдерін немесе электр энергиясын алудың басқа баламалы тәсілдерін орнатуға болады.
Тұрақты өмір салтын қабылдау әрбір адамға қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз салдарын азайтуға оң әсер етуге мүмкіндік береді.
Тауарлар мен қызметтерді ұтымды тұтыну табиғи ресурстарды пайдалануды қысқартуға, қалдықтар санын азайтуға ықпал етеді, бұл қоршаған ортаны сақтауға ғана емес, сонымен қатар, маңыздысы, өз ақша шығындарын қысқартуға көмектеседі.
ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті