ШҚО-дағы Белокаменка ауылында заманауи медициналық пункт ашылды (видео)
Бүгін, 14 сәуір күні, Глубокое ауданына қарасты Белокаменка ауылында заманауи медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауыл аудандық ауруханадан 30 шақырым қашықтықта орналасқандықтан медициналық көмектің қолжетімділігі жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды. Бұған дейін халық ескі ғимаратта орналасқан фельдшерлік-акушерлік пунктте медициналық қызмет алып келген. Алайда бұрынғы нысан санитарлық талаптарға сай келмейтін және оны басқа орынға көшіру мүмкін болмаған.
Қазір ауылда 379 адам тұрады. Олардың ішінде 28 адам диспансерлік есепте тұрса, 17 онкологиялық науқас тіркелген.
Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Жәнібек Ырысбай