KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Киелі "Әулиебұлақ" бастауы - Жарма

17.08.2021, 14:19 404

Жарма жерінде аудан орталығы Калбатау aуылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Ортабұлақ ауылында суы тұп-тұнық, мөп-мөлдір әрі таза бұлақ бар. Жер астынан бұрқырап шығатын қайнар көзі бар бұлақтың тарихы да тереңде жатыр.

Ауыл халқы "Әулиебұлақ" аталатын бастау суының емдік қасиеті барын, адам денсаулығына пайдасы мол екенін жиі айтады. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауылдан шыққан кәсіпкер азаматтар туған өлкелеріне тағзым ретінде бастаудың айналасын қоршап, келушілерге қолайлы жағдай жасап койған. "Әулиебұлақ" суына келген жандарға тарихы туралы аңыз-әңгімені айтып отыратын Ортабұлақ ауылының турғыны Төлеу Кәpімұлы бастау маңын үнемi ретке келтіріп, тазалығына баса мән берiп жүреді

екен.

Әулие - бұлақ басында,

Қасиет бар тасында.

Кәусәр суы бұрқырап,

Қайнап жатыр астында, - деп ақындар жырына қосқан киелі бұлақ туралы аңыз әпсана да ел ішінде жиі айтылады.

Ауыл ақсақалдары көп әңгімелейтін сондай аңыздың бірі: өткен ғасырдағы жаугершілік заманда көріпкел қыз елге осы бұлақ басынан ешқайда қоныс аудармау керек екенін, бастау жар астындағы жаудан, барымташы ұры-қарыдан, тілсіз жау - өрттен қорғайтынын айтқан екен. "Мен өмірден өткен соң, мені бұлақтың басындағы таудың төбесіне жерлеңдер" деп өсиет еткен көріпкел қыздың бейіті қазіргі уақытта таудың үстінде тұрған көрінеді.

- Ауылдың жанынан ары-бері өткен жолаушылар бұлақ басына арнайы тоқтап, суын қанып ішіп, арнайы жасалған орынға барып, қыс-жаз демей, үстілеріне шелектеп су құйынып алады, - дейді Төлеу Кәрімұлы.

2009 жылдың күзінде үржарлық азамат Қонай Сүлейменов Ортабұлақ ауылына арнайы келіп, құран бағыштап, бейітті сегіз қырлы нұсқада күмбез етіп басын көтеріп кетіпті.

- Менің бала кезімде жаңбырсыз жазда бұрын ауыл ақсақалдары ақылдасып "Әулиебұлақ" бастауының жанында құрбандық шалып, тасаттық жасап, құран-дұға оқып аспаннан жаңбыр тілейтін, халықтың тілегі қабыл болып, әр уақытта жаңбыр жауып, жер көгеретін еді. Бұлақ суына ерекше қамқорлықпен қарап жүретін әкем 60-шы жылдары осы бастаудың басына жақын жерге үй салған. Бүгінде әке жолын жалғап, киелі бұлақты мал аяғы таптап кетпесін деп қарап жүремін, - дейді Төлеу аға.

Жарма жерінің киелі өлкелерінің бірі - Ортабұлақ ауылындағы бұл бастау туралы кез келген жолаушыға қызықты ел ішіндегі аңыз-әңгімесімен бөлісіп жүретін Төлеу аға ауылының іргесіндегі бұл орынға ерекше құрметпен қарайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив