KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде студенттер бейнебаян түсірді

14.03.2018, 03:30 205

Өскемендегі Қазақстан-Американ еркін университетінің «Туризм» және «Журналистика» мамандықтарында оқитын студенттері «Қазақстанның киелі жерлері» шығармашылық жобасының тұсауын кесті.


Құрастырушылардың айтуынша, жиырма минуттық бейнебаянды түсіруге үш ай уақыт кеткен. Студенттер барлық қажетті мәліметтерді ғаламтордан тауып, әрқайсысы бір нысанның тарихы туралы баяндап берді. Бейнебаян кадрларында Есет батыр, Айша бибі кесенелері, Әулие ағаш, Қоңыр әулие үңгірі, Бекет ата жер асты мешіті, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Үңгіртас, Ақ мешіт үңгірі, Тектұрмас, Қорқыт ата кесенесі, Әулие бұлақ жайында халық арасына кең тараған аңыздар мен тарихи деректер айтылды.


Мәселен, Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан Қоңыр әулие үңгіріне зиярат етушілердің қатары бір толастамайды. Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, тереңдігі 1,8 метр. Дегенмен, оның көлемі жерасты суының деңгейіне байланысты өзгеріп отырады екен. Суы тұщы әрі көптеген ауруларға ем. Үңгір орналасқан Ақтастың бетінде ертеден-ақ арша қалың өсіпті. Арша өскен жерде тас дәрі (мумие) де көптеп кездеседі екен. Үңгір түбінде тағы бір көлдің бар екендігі де айтылып жүр.


– Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуірінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуі үшін тарихи және мәдени жадыны жаңғырту механизмдерін жасап шығару қажеттілігі айтылған. Сондықтан тарихи-мәдени мұраларымызды сақтап, кеңінен насихаттауымыз керек. Мұндай насихат жұмыстары өңірімізге туристерді тартуға да ықпал етеді, - дейді бейнебаян авторларының бірі Аслан Нұрахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив