KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

Ауада күкіртсутек, тұз қышқылы мен көміртек тотығы шекті мөлшерден асып кеткен - ШҚО

Фото: Жібек Нұрахмет

5.07.2025, 11:00 128 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына жүргізілген атмосфералық ауаның сапасына мониторинг нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2025 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында мамандар 41 231 ауа сынамасын сараптамадан өткізген. Оның ішінде 190 сынамада зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асқан жағдайлар анықталды. Атап айтқанда көміртек тотығы – 174 сынамада, күкіртсутек – 13 сынамада, тұз қышқылы – 3 сынамада нормадан асып кеткен.

2024 жылдың осы кезеңінде мұндай асып кету 279 сынамада тіркелген болатын.

СЭБД мамандарының айтуынша, атмосфералық ауаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі келесі аумақтарда тұрақты жүргізіледі: өндірістік кәсіпорындардың ықпал аймағындағы елді мекендерде, кәріз жүйелерінің санитарлық-қорғау аймақтарына жақын жерлерде, автокөлік қозғалысы тығыз магистральдарда, пешпен жылытылатын елді мекендерде, шартты түрде таза аймақтарда.

Мамандар қоршаған ортаға әсер ететін факторларды үнемі бақылауда ұстау маңызды екенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу