KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, ОБ
522.38 612.6 6.54

Өскемен – Семей тас жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

depositphotos.com

17.07.2025, 10:00 275 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстандағы республикалық маңызға ие Өскемен – Семей тас жолының 105–127 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы – 22 шақырым, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

Жұмыс алаңында 15 арнайы жол-құрылыс техникасы тартылған. Қазірдің өзінде жол жиегін көтеру және нығайту жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жолдың ұзақ қызмет етуіне сеп болмақ.

Қазір мамандар ұсақ түйіршікті асфальтбетонның үстіңгі қабатын төсеп жатыр. Бұл – жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңі. Аталған жұмыстар аяқталған соң, жол сапасы айтарлықтай жақсарып, қозғалыс үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ.

Ремонттық шаралар жоспарға сай, барлық технологиялық талаптарды сақтай отырып атқарылуда. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерден жөндеу жүріп жатқан аумақтан өткенде барынша мұқият болуды және жолға шығарда уақытша шектеулерді ескеріп, алдын ала бағдар құруды сұрайды.

Айта кетейік, Өскемен – Семей бағыты – стратегиялық маңызды көлік жолы. Бұл жол екі ірі қаланы ғана емес, сондай-ақ өндірістік, логистикалық және ауыл шаруашылығы орталықтарын өзара байланыстырып отыр. Сонымен қатар бұл бағыт халықаралық көлік дәліздеріне шығу үшін де маңызды рөл атқарады. Осы жолдың дер кезінде жөнделуі өңірлер арасындағы сауда мен туризмді дамытуға, жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігі мен тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу