KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да үлестік құрылыс барысында заң бұзушылықтар анықталды

ШҚО ӨКҚ

29.07.2025, 12:40 197 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында жеке инвестициялардың есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Алайда, үлестік құрылыс саласында заң бұзушылықтар да тіркелуде. Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Әлішер Кенжеқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, 2024 жылдың желтоқсанында және 2025 жылдың қаңтарында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңын бұзғаны үшін 7 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Заң бұзушылықтар келесі тұрғын үй кешендерінде тіркелген: «Dala SK Group» ЖШС – Ray Residense, «Elit Stroy Group» ЖШС – Park Line және Renesans 3, «Baiterek Invest» ЖШС – Tumar Towers, «Cronus Stroy» ЖШС – Viva Park, «Royal Finance Group» ЖШС – Cristal, «MRS Company» ЖШС – Grand Residense, «Премиум Строй НС» ЖШС – MUZTAU.

Мамандардың айтуынша, кейбір құрылыс компаниялары азаматтармен келісімшарттарды «пәтерді брондау» немесе «брондау шарты» түрінде рәсімдеп, заңды айналып өтпек болған. Бұл да – тікелей заң бұзу болып саналады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үлескерлердің қаражатын тартуға тек келесі жағдайларда рұқсат беріледі: Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) кепілдігімен, жоба екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылғанда, көппәтерлі үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана қаражат тартуға болады.

Бұл талаптардан тыс кез келген тәсіл – заңсыз.

ҚТК порталының мәліметінше, ШҚО-да тек екі ғана тұрғын үй кешені заңды кепілдікке ие, олар – «Жаным» ТҮК-нің А және Б блоктары, «Diamond» тұрғын үй кешені.

Ал жергілікті атқарушы орган тек «Tumar Towers Oskemen» кешеніне ғана ресми рұқсат берген.

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтарды жаңа пәтер сатып аларда абай болуға шақырады. Құрылыс нысандарының заңдылығын тексеріп барып, шешім қабылдауға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу