KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

ШҚО-дағы Глубокое ауылында жабық хоккей корты салынады

31.07.2025, 14:13 279 Ержан Әбіш

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды. Қазір жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы 2026-2028 жылдарға жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан үшін тағы бір маңызды жоба Белоусовка кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру шамамен 1,1 миллиард теңгеге бағаланады. Ауданда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Ал Ушаново ауылында демалыс орталығын күрделі жөндеу жоспарланған.

«Аудан әкімі осы жылдың 1 қарашасына дейін аудандық бюджет есебінен Глубокое кентінде жабық хоккей кортын және Белоусовка кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама алуы қажет. Сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасына салалық қорытынды алу үшін инвестициялық ұсыныстарды ұсыну қажет», - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу