ШҚО әкімі Күршім халқымен кездесті: жаңа жобалар мен жоспарлар таныстырылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауылында жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биылғы бірінші жартыжылдықта негізгі көрсеткіштердің басым бөлігі оң серпінге ие. Жұмыссыздық деңгейі – 4,6%. Өңірде 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 5,5 мыңы – тұрақты. Орташа жалақы 8,8%-ке өсіп, 407,2 мың теңгені құрады.
Күршім ауданында туризм, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және адами капиталды дамытуға мүмкіндік мол. 2029 жылға дейін ауданға 28,3 млрд теңге бюджет қаражаты және 19,1 млрд теңге жеке инвестиция салу жоспарланған. Соңғы жылдары бірнеше қонақүй, құрылыс дүкендері, монша кешені және алтын өндіру зауыты іске қосылды. Биыл Бұқтырма жағалауында демалыс үйлері, Күршім ауылында жаңа қонақжайлар мен Сарыөлеңде балық шаруашылығы тоғаны ашылмақ.









