KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 5 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Көмектесу үшін бірігеміз! Қазақстанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

30.10.2025, 18:00 174 Базарова Айгүл

31 қазан күні сағат 09:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық акциясы басталады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Егер сіздің құқықтық сипаттағы сұрақтарыңыз болса және кәсіби кеңес алғыңыз келсе, еліміздің үздік сарапшыларынан тегін құқықтық көмек алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

«Халық заңгері» – мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер мен адвокаттар халыққа тегін заңдық кеңес беретін әлеуметтік жоба.

Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, заң мәселелері бойынша нақты және қолжетімді ақпарат беру.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы және еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырады.

Шығыс Қазақстан облысында өтетін орындар:

Өскемен қаласы:

«Maxi Mall», Сәтпаев көшесі, 51

«ADK Piver», Қазақстан көшесі, 62


Риддер қаласы: Мәдениет сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 14

Алтай ауданы: «Горняк» мәдениет үйі, Садовая көшесі, 1

Глубокое ауданы: Абай атындағы мәдениет үйі, Попович көшесі, 41

Тарбағатай ауданы: Аудандық мәдениет үйі, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17

Самар ауданы: Универмаг ғимараты, Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесі, 176

Марқакөл ауданы: Аудан әкімдігі ғимараты, Марқакөл ауылы, Крахмаля көшесі, 67

Катонқарағай ауданы: «Катонқарағай халық мәдениеті және демалыс орталығы» КМК, Абай көшесі, 80

Үлкен Нарын ауданы: Аудандық мәдениет үйі, Абылай хан көшесі, 1

Зайсан ауданы: Аудандық мәдениет үйі, Шаймардан көшесі, 14

Шемонаиха ауданы: Аудандық мәдениет үйі, Астафьев көшесі, 58

Күршім ауданы: Тұраров атындағы мәдениет үйі, Абылай хан көшесі, 86

Ұлан ауданы: «Ұлан» сауда үйі, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 11



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу