ШҚО әкімі Германиядан келген делегациямен ынтымақтастықты кеңейту тетігін талқылады
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлеріне облыс аумағында ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік барын жеткізді. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі




