ШҚО аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында бүгін ауа райы күрт тұрақсызданады. Өңірдің солтүстік бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, бұрқасын соғуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz.
Казгидромет мәліметі бойынша облыста көктайғақтың пайда болу қаупі жоғары, бұл жол қозғалысына едәуір қиындық келтіруі ықтимал.
Түнгі және таңғы сағаттарда облыстың оңтүстігі мен орталығында қою тұман түсіп, көру қашықтығын күрт төмендетеді.
Жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Мұндай ауа райы Өскемен қаласына да әсер етпек: қалада да жауын-шашын мен бұрқасын болжанып отыр, көктайғақ қаупі сақталады, жел күшеюі мүмкін.
Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, жолға шыққанда аса мұқият болуға кеңес береді.