KZ
Өскемен
-23°
переменная облачность Штиль
522.42 543.89 5.28

ШҚО тұрақтандыру қорында қол жетімді бағамен картоп қоры жеткілікті

Кеше, 19:49 104 Төлеуғазы Жансая


Қазақстан бойынша картоп бағасы күрт өсіп жатқанда, Шығыс Қазақстан облысы мен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы әлеуметтік маңызды өнімнің бағасын тұрақтандыруға күш салуда. Қазіргі кезде ел бойынша картоптың бағасы килограммына 380-нен 446 теңгеге дейін жетіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

ШҚО-да жергілікті сатушылардың айтуынша, картопқа деген баға жарысы жаңажылдық мерекелерден кейін бірден басталған. Баға шамамен 50 теңгеге қымбаттап, содан бері тұрақты түрде өсіп келеді. Қазіргі уақытта Өскемендегі дүкендерде картоптың бір килограмы 300-446 теңге тұрады. Ал базарларда бағасы арзан (шамамен 280 теңге) картоп бар, бірақ олардың сапасы көбіне көңіл көншітпейді.  
Көкөніс сатушылар бағаның өсуін фермерлерден картопты сатып алып, баға көтеретін көтерме саудагерлердің әрекетімен байланыстырады.  
Осы жағдайда аймақтағы әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандырушы басты ұйым – «Ертіс» ӘКК» АҚ картоп бағасын ырықтауда.  

– Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін біз өзіміздің тұрақтандыру бағдарламамыз аясында картопқа қолжетімді бағаны қамтамасыз етудеміз. Біздің павильондарымызда картоптың бір килограмы 125 теңге тұрады, бұл – аймақтағы ең төмен баға, – деп хабарлайды «Ертіс» ӘКК баспасөз қызметі.  

«Ертіс» ӘКК мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Дидар Мәжіриновтың айтуынша, компанияда келісімшарттық 5,5 мың тоннаның 3 мың тоннадан астам картоп қоры бар. Бұл нарықтағы өзгерістерге қарамастан, өнімді килограммына 125 теңге бекітілген бағамен сатуға мүмкіндік береді.  
Өскеменде «Ертіс» ӘКК әлеуметтік өнімдерді 15 фирмалық павильонда сатуда, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді жергілікті кәсіпкерлермен жасалған келісімдер негізінде ашылған 41 сауда нүктесінен сатып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу