KZ
Өскемен
-29°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
522.42 543.89 5.28

Өскемендік ұстаз «Педагогикалық идеялар фестивалінің» жүлдегері атанды

Бүгін, 13:00 148 Төлеуғазы Жансая

Өскеменнің биология пәнінің мұғалім-модераторы Ақмарал Тоқтарбекова биология пәні бойынша Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел университетінде өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестиваліне» қатысып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықы ұйымдастырған фестивальде Ақмарал Тоқтарбекова «Project-Based Learning» моделінде BarCamp әдісін қолдану арқылы биологиялық үдерістерді талдау мүмкіндіктерін зерттеген жобасын ұсынды.

Бұл әдіс оқушылардың ақпаратты жинақтау, талдау және идеяларды дәлелдеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың метакогнитивті дағдыларын жетілдіре отырып, олардың сыни ойлау қабілетін арттыру.

13 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман Ақмарал Тоқтарбекова фестивальда өз жұмысын TEDх форматында ұсына отырып, білім беру саласында инновациялық әдістердің қолданылуының маңыздылығын көрсетіп, оқушылардың оқу сапасын арттыруда жаңа мүмкіндіктер ашты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу