KZ
Өскемен
-33°
туман жел 1 м/с, С
517.84 543.11 5.28

2024 жылы SOS батырмалары арқылы 143 өтініш түскен

Кеше, 19:00 89 Төлеуғазы Жансая

SOS батырмалары - оқыс жағдайларда көмекке жүгінуге арналған құрылғы. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды элемент,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта республика бойынша 312 осындай батырма орнатылған. 2024 жылы SOS батырмалары арқылы 143 өтініш түскен.

Тәртіп сақшыларына жүгінушілердің ең көп саны Астана қаласында — 45, Павлодар облысында — 20 және Қызылорда облысында — 18 тіркелді.

-Әрбір жағдайда азаматтардың сұрауына дереу ден қойылып, қажетті көмек көрсетілді. Полиция әрқашан көмекке дайын, — деп атап өтті мекеме.

Дереккөз/фото: polisia.kz



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу