Қазақстанның ХҚКО және арнайы ХҚКО-ларында азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды
Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-ларда азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеді.
Мәлімдемеге сәйкес, мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылысында орын алған техникалық ақауларға байланысты «ҰАТ» АҚ қолдайтын бірқатар сервистер уақытша қолжетімсіз.
– Қазіргі уақытта жауапты мамандар сервистердің жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қабылдау жұмыстарының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз