KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шығыстағы кәсіпорындар кімге көмектесіп жүр?

14.10.2020, 07:38 111

Өңірлердегі қазақстандықтар да түрлі аурулардың заманауи диагностикасына қол жеткізіп жатыр.

Осы міндетті орындау үшін көптеген клиникалар жеке инвесторларды немесе демеушілерді тартады. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - аймақтардағы онкологиялық орталықтарды қолдау, сондай-ақ, жоғары технологиялық жабдықтар сатып алу. Шығыс Қазақстан облысында «Шығыстүстімет» ЖШС дәрігерлер мен науқастарға елеулі үлес, қолдау көрсетуде.

Шығыс Қазақстан онкологиялық орталығының Сәулелік терапия және диагностика орталығының ғимараты 2011 жылы пайдалануға берілді. Ғимарат құрылысы аяқталмастан пайдалануға берілген. Кеткен ақауларды тек күз басталғанда ғана бірақ аңғарған.

Нөсер жаңбыр шелектеп төккенде, төбеден су ағып, қымбат медициналық жабдықтары бар біраз кабинеттердің астан-кестеңін шығарған. Медициналық ұйым бірнеше жыл бойы мердігер компаниямен соттасып, нәтижесінде тек төбені ішінара ауыстырған. Алайда істелінбеген талай жұмыстар бар-тын. Кейін мердігер өзін банкротқа ұшырағанын мәлімдегеннен кейін, ұйым жан-жақтан көмек сұрай бастады.

- 2017 жылы біз облыстық әкімдіктен шатырды күрделі жөндеуге ақша бөлуді сұрадық. Осылайша «Парыз» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесі қажетті қаражатты бөлді. Ол қаражат - «Шығыстүстімет» ЖШС-нің 36 миллион теңге көлеміндегі демеушілік қоры болды, - дейді ШҚО бойынша көп салалы онкология және хирургия орталығының стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары Арман Мұқажанов.

Мыс өндіретін компания қолдаған тағы бір ірі жоба - Алтай мен Аягөз қалаларындағы инсульт орталықтарын салу. Мидағы қан айналымы аурулары бар науқастардың өмірін сақтауға арналған «алтын уақыт» ережесі бар. Дәл осы кезеңде адамның өмірін ғана сақтап қоймай, пациенттің миының қызметіндегі өзгерістердің алдын алуға болады.

Айта кетейік, аймақ басшысы Даниал Ахметов науқастарды Семей мен Өскемендегі инсульт орталықтарына жеткізуге уақыт жоғалтпай, аудандарда көмек көрсету идеясының жүзеге асырылуын жеке өзі қадағалаған болатын.

- Инсультті емдеудегі басты проблема мидың зақымдану сипатын анықтау. Ол үшін арнайы жабдық қажет. Біздің аудандар республикада бірінші болып компьютерлік томографтарды орнатты, - деді Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Владимир Коробкин.

Владимир Коробкиннің айтуынша, орталық толығымен жабдықталды. Жылу және сумен жабдықтау, байланыс жүйелері жаңартылды, электр желілері ауыстырылды, медициналық жабдықтарды орналастыруға үй-жайлар дайындалды. Көптен күткен компьютерлік томография да сатып алынып, қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Ал жөндеу жұмыстарына KAZ Minerals Тобы демеушілік етті.

КТ қондырғысы мультипликативті әсерге ие, оны хирургтар, гинекологтар мен терапевтер өз жұмысында қолданады. Ал еуропалық стильде жаңартылған инсульт орталығы пациенттерге жоғары деңгейде қызмет етуге, емделуге, күтім жасауға және тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

-  Біздің қалада инсульт орталығының ашылғаны қандай керемет! Қазір менің анам осы жерде емделіп жатыр. Ауруы ұстап қалған кезде бізге дәрігерлер жедел көмек берді әрі облыс орталығына тасымалдаудың қажеті жоқ болды. Палаталар таза және жайлы, білікті қызметкерлер жақсы қызмет көрсетеді, - дейді науқастардың бірінің қызы Наталья.

Компания қолдау көрсетке тағы бір ірі жоба – Өскемендегі мамандандырылған медициналық орталығы негізінде роботты хирургия орталығын құру. 2018 жылы операциялық блоктарды қайта құру және роботтандырылған хирургияға арналған таза бөлмелер кешенін құру тек облыстық бюджет есебінен емес, сонымен қатар KAZ Minerals компаниясының демеушілік қаражаты есебінен де жүзеге асырылғанын да айта кетейік.

- Стандарттар бойынша заманауи операциялық бөлме терезелері жоқ, бірақ тиісті қуаттың жасанды жарығы бар бөлме болуы тиіс. Мұнда арнайы сүзгілерден өткен шартты ауа жіберіледі. Жаңа жабдық пациенттерге халықаралық стандарттар деңгейінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың операциялық бөлімінің басшысы Сергей Белых.

Дәрігер ангиография, қан тамырлары жүйесінің рентгенографиясы пациенттерге қол жетімді болды дейді. Ангиографта жұмыс істейтін мамандар шетелде біліктіліктерін арттырып, оқып келді. Оларға арнап шеберлік сыныптары өткізіліп тұрады.

Мамандығы бойынша уролог-дәрігер Сергей Белых атап өткендей, операциялық бөлімнің қазіргі жабдықтары урологиялық, гинекологиялық, рентгендік эндохирургиялық араласуларға басқа қалаларға бармай-ақ аймақта оталарды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив