KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Тойхана мен сауна орнына мемлекеттік мәдени кешен пайда болды – Өскемен

1.05.2022, 18:21 130

Өскеменнің Аблакетка шағын ауданында халықтың игілігіне тағы бір нысан пайдалануға берілді. 2000 шаршы метрді алаңды алып жатқан «Асқар тау» - енді тойхана емес, мәдени бос уақыт өткізетін жер.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, ғимараттың иесі көп сөзге келмей, қала билігінің ұсынысымен келіскен.

Осылайша, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мәдени-демалыс орталығында алғашқы мерекелік концерт те өтті.

-  Бүгін сіздер үшін қуанышты күн. Бұл жер тарихы бар ғимарат болған. Кейін жекеге өтіп, тойхана болды. Енді, міне, сіздердің демалыс орындарыңызға айналдырып отырмыз. Осы жерде шағын ауданның әр-түрлі мерекелері өтіп, балаларыңыз спорт секциялары мен үйірмелерге, мәдени шараларға қатысатын болады. Бұл жұмысты жарты жыл бұрын бастағанбыз. Пандемия салдарынан той-томалақ азайды. Одан кейін аса бір тиімді бизнес болмаған соң, ғимараттың қожайынына нысанды халықтың игілігіне қайтару керектігін айттық. Оған да рахмет, көп созбай халықтың игілігіне пайдалануға берді, - деп тұрғындарды құттықтады Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Фото автордікі

Мұнда тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, балаларға арналған шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру, кітапхана, спорт залы, дене шынықтыру залын ашу жоспарлануда.

WhatsApp Image 2022-05-01 at 18.14.23 (3).jpeg

Алдағы уақытта қай ұжымның қайда отыратыны, қандай үйірмелер жұмыс істейтіні жөнінде арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға хабарланады. Дегенмен, шағын аудан тұрғындары да өз ұсыныстарын жеткізе алады.

-   Естеріңізде болса, бұрын бұл жерде «Импульс» атауымен кинотеатр болған. Жақсы бір атау бар болса, тұрғындармен келісіп, қарастырайық, - деді Жақсылық Омар.

Жиналған жұрттың көбі тарихи атауын қалдырайық десе, енді бірі қазақша атау немесе «Асқар тау» деп қалдырайық десті.

-  «Асқар Тау» деген тойхана атауын қалдырудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі көбі бұл жерді мейрамханамен байланыстыратын болады. Қазақша қояйық, ағылшынша қояйық, орысша қояйық. Ең бастысы елдің көңілінен шықса болды, - деп қосты қала әкімі.

Ал Аблакетка тұрғындары болса, бұл хабарды асқан қуанышпен қабылдады. Олардың айтуынша, мұндай орталықтың ашылуы ықшам ауданның шығармашылық және спорттық өмірінің жандануына жағдай жасайды.

Фотолар автордікі

- Мұндай ғимараттың мемлекеттік қарамағына өткеніне қуаныштымыз. Ауданда мереке өткізетін жер болмаған. Енді балалар үйірмелер бара алады. Әйтпесе, балалар мектептегі каратэ үйірмесіне ғана, қалаға арнайы баратын, - дейді Островский көшесінің тұрғыны Татьяна Козлянская.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив