KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде балалар шығармашылығы орталығы оқушылардың игілігіне ұсынылды

3.12.2013, 18:00 89


Өскемен қаласында «Жігер» балалар шығармашылығы орталығы жөндеуден өтіп, жеткіншектердің игілігіне ұсынылды. Мұнда Аблакетка ықшамаудан ардагерлеріне арналған демалыс бөлмесі да бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала маңындағы ықшамауданда орналасқан орталықта шеберханалармен қатар, үлкен мәжіліс залы, баспасөз клубы, тіпті, ойын бұрышы да орын теуіпті. Ардагерлерге арналған демалыс бөлмесі де жұтынып тұр.

Өскеменде балалар шығармашылығы орталығы оқушылардың игілігіне ұсынылды
"Осы шағын ауданның тұрғындары бір кездесуде балалар мен қарттарға арналған демалыс орталығының ашылуын сұраған болатын. Біз ғимараттың иесімен кездесіп, сөйлестік, ол оны мемлекет меншігіне ақысыз қайтаруға келісті. Содан кейін мұнда күрделі жөндеу жүргізілді, қазір орталықта түрлі үйірмелер жұмыс істеуде" – деді салтанатты шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өскеменде балалар шығармашылығы орталығы оқушылардың игілігіне ұсынылды
Дәл осы шағын аудандағы №13 орта мектептің ауласын абаттандыруға Қазақстан Халық банкі облыстық филиалының қызметкерлері қол ұшын беріпті. Ол жерде балаларға арналған ойын алаңы тұрғызылған, түрлі ойын жабдықтары, әсем әткеншектер мен сырғанақтар көз қуантады. Бұл алаңды салуға банк шамамен екі миллион теңге қаржы жұмсаған екен.

Аймақ басшысы бұл бастамаға оң бағасын беріп, қайырымдылық акциясына қатысушыларға ризалығын білдірді және балаларға сыйлықтар табыстады.

Ержан Әбішұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив