KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Семейде көптен күткен мәдени-спорттық кешен ашылды

14.12.2019, 08:51 124

Семейдегі ​ Қарағайлы шағын ауданында көпсалалы мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты, деп хабарлайды Алтайньюстің Семейдегі тілшісі.

Жаңа ғимараттың үлкен залы бес мың орынға есептелген. Халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар енді Семей қаласында да ұйымдастырылатын болады.​ Әлемдік стандарттар бойынша салынған  кешенде  жүзу, аквааэробика, су добы және суға секіру сияқты спорт түрлерімен де айналысуға мүмкіндік бар.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​- ​ Бұл жерде халықаралық деңгейдегі  мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,- ол әлемдік талаптарға сәйкес салынған және тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кешенде олимпиадалық бассейн және 55 адамға арналған сауықтыру бассейні, заманауи жаттығу залдары  және 120 адамды бір уақытта сыйдыра алатын көптеген мәдени және спорттық кешендер бар.

Спорттық  ғимараттың жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Ірі кешеннің құрылысын отандық компания "Фирма АЗИЯ" ЖШС жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 26 миллиард теңге. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив