Жаңа қаулы. Ата-аналарға балабақша мен мектепке кіруге рұқсат етілді - ШҚО
ШҚО бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысында ата-аналардың мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарына баруына тыйым салынатыны туралы тармақ алынып тасталды. Бұл норма №11 Республикалық қаулысында нақты көрсетілген.
Енді балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне «жасыл» немесе «көк» мәртебесі болған жағдайда мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру ұйымдарына, колледждер мен жоғары оқу орындарына, интернаттар мен жатақханаларға кіруіне рұқсат етіледі.
Қаулы 2022 жылғы 23 ақпанда күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл норма қазірдің өзінде енгізілгенін атап өтті.
- Бүгін ата-аналар мен заңды өкілдерді мекемеге кіре алатынын жөнінде бұйрық шығарылып, құжат облыстағы барлық білім беру ұйымдарына жіберіледі, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.