Коммуналдық қызметкерлердің жалақысы өседі – Өскемен
Коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.
Бұл туралы Өскемен әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Таза Өскемен» КМК көшелер мен жолдарды күтіп ұстауға тікелей тартылған қызметкерлердің жалақысын көтереді, – деді қала басшысы.
Айтуынша, қызметкерлер жалақысы 30 пайызға өседі.
– Кәсіпорын қызметкерлері жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Тіпті төтенше жағдайларда, аязды күндері, тыңғылықты қызмет көрсетті, – дейді Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз