KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 1,6 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

Ел Тәуелсіздігіне 31 жыл толды

16.12.2022, 09:00 1 528 Оразай Жеңісұлы

Осыдан 31 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Дегенмен, бұдан Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздіктің 31 жылында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Коронавирус пандемиясы, Қаңтар оқиғасы, Арыс, Байзақ, Екібастұздағы төтенше жағдайлар – ел бірлігі сынға түскен қиын да күрделі кезең болды. Халықаралық арендағы геосаяси жағдайлар да бостандықпен пен егемендіктің қадірін арттырды.

Биыл елімізде Президенті сайлауы өтті. Конституциялық түзетулер енгізу үшін жалпыұлттық референдум жүргізілді. Халықтың басым бөлігі Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді қолдады.

Былтыр өткен халық санағында алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылды. 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны – 19 715 182 адамға жеткен.

Тәуелсіздік күнінде тұтас ел бойынша салтанатты шаралар өтеді, әлеуметтік нысандар іске қосылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив