KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Жаңаөзендегі жарылыстың жағымсыз салдарын тез жою қажет – Тоқаев

19.04.2023, 12:34 270

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол астындағыларға осындай нұсқау берді.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңес барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзендегі жағдай туралы толыққанды баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Екі қабатты, 12 пәтерлі үйде жарылыс болды. Қазір комиссия себептерін анықтап, салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, зардап шеккендерге баспана беріледі, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

– Жарылыс салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жедел аяқтау қажет. Жалпы, Жаңаөзен – толығымен мұнай-газ саласына тәуелді моноқала. Осыны ескере отырып, Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Бұл құжатты толығымен іске асыру қажет, – деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы батыс аймақтарда көптеген жастар тек мұнай саласында жұмыс істегісі келетінін атап айтты. Бірақ болашақта мұнай қоры таусылғанда облыстағы жағдай айтарлықтай нашарлауы мүмкін.

– Біз жастардың басқа мамандықтарды игеруі үшін жағдай жасауымыз керек. Ол үшін арнайы жоспар әзірлеу қажет, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде әлемде ақпараттық технологиялар жетекші салаға айналуда. Сондықтан оларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу