Күршім ауданында «Жанашыр жүрек» акциясы жалғасып жатыр
Жанаргүл Мұқатай
Туған елге деген құрмет үлкенді сыйлау, кішіге ізет білдіруден басталады. Күршім ауданының мектептерінде Республика күніне орай аға буынды құрметтеуге, жас ұрпақты мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеуге арналған «Жанашыр жүрек» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қойтас ауылы негізгі орта мектебінің мектеп парламенті мен волонтерлық қозғалыс мүшелері ауылдағы жалғызбасты қарт ана Құсманова Кәмилә апаның үйіне барып, қарт ананың ағаштарын жарып, отындық қиын жинасып, үй ішін, ауласын, қора-жайын тазалап берді.
Күршім ауданының мектептерінде «Жанашыр жүрек» акциясы дәстүрге айналды. Кеше Теректібұлақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары да осы ауылдағы мұқтаж жандар мен қарияларға көмектесіп, шаруашылықтарын ретке келтіріп, аулаларын тазалады.