KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Семейдегі жатақхана терезелерін кірпішпен сындырып кетті

13.04.2021, 13:35 95

Семей қаласы Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 66 жастағы күзетші жүгінді, ол түнгі уақытта жатақхананың жанынан өтіп кете жатып болған белгісіз ер адам еш себепсіз бұзақылық ниетпен балабақша мен жатақхананың терезелері мен жарықтандыру флакондарын кірпішпен сындырғанын хабарлады.

- Патрульдік полиция батальоны Курчатов қаласының 52 жастағы тұрғынын ізін суытпай анықтап жеткізді. Ұсталған ер адам криминалистік есепке қойылды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив