Кафелердің бірінен азық-түлік ұрлап кеткен - ШҚО
Ақпан айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөліміне Шемонаиха қаласы шетінде орналасқан көңіл көтеру орынының терезесін белгісіз біреулердің сындырып, ғимаратқа заңсыз еніп, жалпы сомасы шамамен 92 000 теңгені құрайтын азық-түлікті ұрлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.