KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

WhatsApp қандай телефондарда қосылмайтын болды?

7.01.2019, 05:19 284


WhatsApp мессенджері жуық арада ұялы телефондардың кейбір модельдерінде жұмысын тоқтатады. Бұл туралы мессенджердің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, Nokia S40 операциялық жүйесі бар телефондардың иелері WhatsApp мессенджерін пайдалану мүмкіндігінен 2018 жылдың 31 желтоқсанында айырылған. Ал осы жылдың 1 ақпанында Android 2.3.7, iOS 7 және осыларға дейін қолданылған ескі операциялық жүйелері бар телефон модельдерін де мұндай өзгерістер күтіп тұр екен.


Оның себебі, компания бұдан былай аталған операциялық жүйелерді әзірлеумен айналыспайтын көрінеді. Сондықтан оның кейбір функциялары кез келген уақытта жұмыс істемей қалуы мүмкін.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив