KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Жер шарын айналып шығатын круизге билет сатылып жатыр

сурет көрнекілік үшін алынды

27.04.2023, 12:07 919 Оразай Жеңісұлы

Түркияның Miray Cruises круиздік компаниясы үш жылдық саяхатқа жолдаманы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап сатылымға шығарды.

Бағдарлама бойынша туристер әлемнің жеті құрлығындағы 135 елдің 375 теңіз портына тоқтайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

1992 жылы салынған MV Gemini лайнері 2023 жылдың қарашасынан 2026 жылдың соңына дейін мегатур өткізеді. Әрине, үш жыл теңізде өткізу бәріне ұнай бермейді, алайда бұл – онлайн жұмыс істеп, саяхаттағысы келетіндер мен үйде отырғысы келмейтін зейнеткерлер үшін тамаша мүмкіндік.

Кемедегі өмір концепциясы онлайн жұмыстың пайда болуымен сұранысқа ие бола бастағанын айта кетейік.

MV Gemini порттардың әрқайсына бірнеше күн аялдама жасайды. Сондықтан туристер порт орналасқан қалада бірнеше күн қыдырып, жалпы әлемнің қазіргі таңдағы және ертедегі 13 кереметімен таныс болады.

Каютаның құны айына 2 500 мың доллар (шамамен 1 138 000 теңге). Ал жылдық құны 29 999 доллар (13 650 000 теңгедей). Каюталардың кеңдігі 12 шаршы метрден 24,15 шаршы метрге дейін барады. Осы сомаға тамақтану, мейрамханаға бару, ойын-сауық шараларына бару, жұмыс істеу үшін 14 кеңсе мен конференц-залға кіру, лаундж-аймақ пен бизнес-кітапханаға бару құны кіреді. Бортта тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана бар. Ал кемеге жалпы 1 074 жолаушы сыяды екен.

                                                      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив