АҚШ билігі Google компаниясын сотқа берді
Фото: egemen.kz
АҚШ үкіметі интернетте іздеу бойынша жаһандық алпауытқа айналған Google компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді.
ВВС ақпарат агенттігінің дерегінше, сейсенбі күні Вашингтон сотында басталған сот процесі шамамен 10 аптаға созылады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Америка билігі Google компаниясын Apple және Samsung сияқты жетекші технологиялық компанияларға бәсекені тежеп, өз шарттарын таңу арқылы билігі мен ұстанымын асыра пайдаланып, интернеттегі іздеу құралдары нарығында үстемдік етті деп айыптады.
Талапқа сәйкес, олар үлкен шығынға қарамастан өз құрылғыларында Google іздеу жүйесін орнатуға мәжбүр.
АҚШ-тың Әділет министрлігі бұл талапты дайындауға үш жыл жұмсады, ал Google өз құқықтарын қорғау үшін миллиондаған долларға үш тәжірибелі заң фирмасын жалдады.
Компания нарықта ең жақсы іздеу жүйесі болғандықтан ғана үстемдік ететінін дәлелдегісі келеді.
Google-ға қарсы талап - Вашингтондағы трансұлттық алпауыттар мен билік арасындағы қақтығыстардың бірі.
Бұл осындай компаниялардың күнделікті өмірімізге қаншалықты терең енгенін және олардың ұлттық қауіпсіздіктен бастап азаматтардың жеке өмірін қорғауға дейінгі барлық аспектілерде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
АҚШ-та билік монополиямен100 жылдан астам уақыт бойы күресіп келеді, өйткені бұл тұтынушылардың, яғни азаматтардың және сайлаушылардың құқығын қорғау үшін маңызды.