KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Өскеменде қазандық бойынша ауқымды жоба дайындалып жатыр

7.04.2023, 14:11 152 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде №16 қазандық агрегаты бойынша ауқымды жоба дайындалып, іске асыру мерзімі анықталуда.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскеменді жылумен жабдықтау мәселелері бойынша өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ алдағы жылдарға қажетті көлемдер мен жылу энергиясының тапшылығы туралы да сөз қозғалған.

Аймақ басшысының айтуынша, №2 қазандықты кеңейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама бар, ал №16 қазандық агрегаты бойынша ауқымды жоба дайындалып жатқан көрінеді. Қазір меншік иесі оны іске асыру мерзімдерін анықтап, тиісті құжаттамамен жұмыс істеуде.

– Бұл жобаларды енгізу қосымша 240 гигакалория береді және бұл алдағы бес жылдағы тапшылықты жабады. Мен қала әкіміне талдау жүргізу және қуаттылықты арттыру үшін не істеу керектігін – жаңа ЖЭО салу немесе қолда бар жылу көздерін жаңғырту үшін жобалау институтының мамандарын шақыруды тапсырдым. Біз облыс орталығында құрылыс қарқынын төмендетпейтіндіктен, елеулі жұмыстар атқарылатын болады. Барлық жергілікті, атап айтқанда, Аблакетка шағын ауданына қатысты мәселелерді әзірленген алгоритмге сәйкес шешеміз, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив