Өскемендегі қыздар төбелесі: зардап шеккен қыз ауруханадан шығарылды
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде құрдастарынан аяусыз соққы жеген қыз ауруханадан шығарылды.
Десе де зардап шеккен қыздың туыстары қызға жеткілікті дәрежеде медициналық көмек көрсетілмеген деп санайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұған дейін «Не молчи» қорының директоры Дина Смаилова қыз баланың оқиғадан 2 ай уақыт өтсе де жарақаты жазылмай, ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген болатын.
Ал қазіргі күні қыз баланың ауруханадан шығарылғаны анықталды.
Қыз аураханаға жатқызылған кезде ШҚО денсаулық сақтау басқармасы оның бақылауда екенін және барлық қажетті ем-дом шаралары жасалатынын айтқан еді.
Сондай-ақ ол тергеу кезінде жәбірленушінің ауыр жарақат алғанын да ескеруді талап етіп отыр.