KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Ұлттық ұланның арнайы жасақ жауынгерлеріне күрең берет табысталды

Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

14.07.2023, 09:57 296 Ләззат Қанатқызы

9-12 шілде аралығында Өскемен қаласында Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасынан күрең берет кию құқығына ие үміткерлерді таңдау сынақтары өтті.

Биыл аталмыш сынаққа 80-нен астам әскери қызметші қатысқан. Емтиханға рұқсат алу үшін олар теориялық тестілеуден өтіп, денешынықтыру, биіктіктегі дайындық, арнайы құрылғылармен төмен түсу, байланыс дайындығы, медициналық дайындық бойынша және т.б. емтихан тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жауынгерлер ауа температурасы 40 градустан жоғары болғанына қарамастан таулы аймақта 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

- Қатты ыстыққа қарамастан үміткерлер “зигзаг” және “пластун” тәрізді қозғалу нормативтерін тапсырды. Окоп қазу бойынша сынға түсті. "Жараланған" жолдасын 100 метрге сүйреп апарды. Содан кейін газға қарсы маска киген қалпында ауасы ластанған 400 метрді жерді еңсерді. Содан кейін бастапқы жүгіру мәнерін қайта жалғастырды. Мұның бәрі белгіленген уақытта және белгіленген нормативтерге сай жүргізілді, - деді “Зверь" атты “Бүркіт" арнайы жасағының жауынгері.

Үміткерлердің күйзеліске төзімділігін нығайту үшін кедергілер жолағының жанында жарылыстар ұйымдастырылып, оқ атылып тұрды. Мұндай әдіс жауынгерлік атмосфера тудырады және үміткерлердің күйзеліс жағдайларындағы реакциясын тексереді.

Кедергілерден кейін бірден үміткерлер жекпе-жек ұрысқа кірісті. Алдымен олар бір-бірімен, содан кейін күрең берет иелерімен шайқасты. Ауыр соққыларға төтеп берген және 3 минуттық 3 раундқа шыдап берген үміткер ғана күрең берет ала алады.

Кейінірек салтанатты жағдайда барлық сынақтардан сәтті өткен және соңғы кезеңнің қиындықтарына төтеп берген 19 үміткерге қастерлі күрең берет табысталды.

- Мемлекет басшысының Ұлттық ұланды сандық және сапалық тұрғыда нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында және ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша Ұлттық ұланда 2022 жылы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің саны ұлғайтылды. Әскерлерде біліктілік сынақтары жыл сайын еліміздің әртүрлі климаттық аймақтарында өткізіледі. Айта кету керек, бүкіл сынақ маршрутынан мықты дайындықпен келген үміткерлер ғана өте алды. Мысалы, бүгін сынақтардың барлық кезеңдерінен 19 әскери қызметші сүрінбей өтті. Мен Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының атынан және өз атымнан жаңа арнайы жасақ нышанының иегерлерін күрең береттілер бауырластығына кіруімен, ал арнайы жасақ ардагерлерін кезекті толықтырумен құттықтаймын, – деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

Биыл "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін күрең берет ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановқа да табыс етілді.

Айта кету керек, "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің емтиханы мен дайындық деңгейі Өзбекстан Республикасынан келген әріптестер тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Олар Ұлттық ұлан қолбасшылығына қазақстандық арнайы жасақтың өміріндегі маңызды тарихи сәттердің біріне куә болуға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив