Өскеменде полиция қызметкерлері банктерді аралап жүр
Фото: Өскемен қалалық Полиция басқармасы
Өскеменде полиция банк қызметкерлерімен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Халық Банкінің барлық филиалдарында интернет-алаяқтықты ескерту бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Аталған іс-шаралар банк қызметкерлерімен және Халық банкінің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Халық банкінің клиенттерімен жеке әңгімелер өткізілді. Қызметкерлер Интернет желісінде және телефон арқылы жасалған қылмыстарға назар аударды, азаматтар жиі кездесетін алдау схемалары туралы хабарлады. Банк келушілерін белгісіз тұлғаларға өздерінің дербес деректерін, өз карталары мен шоттарының деректерін, смс-хабарламалардың кодын хабарламауға, күдікті тұлғаларға сенбеуге, олардан келіп түскен кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.
Сондай-ақ банк менеджерлерімен үшінші тұлғадан несие ресімдеуге жол бермеу бойынша әңгімелер өткізілді. Банк қызметкерлеріне клиентке қатысты үшінші тұлғалар тарапынан ықтимал алаяқтықтың алдын алу мақсатында несиені ресімдеу және ақша қаражатын беру кезінде клиенттердің эмоционалдық жағдайына назар аудару ұсынылды.