Достық үйі ауданы сәндік шамдармен көмкеріледі – Өскемен
Достық үйі ауданында бейсенбі күні түрлі түсті жарықтандыру іске қосылады.
Бұл туралы Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Серік Жеңісов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Баршамызға белгілі, ол жақта биыл қасбеттер жаңартылады. 24 тамыз күні салтанатты түрде сәндік шамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Айта кету керек, қала басшылығы тарихи аудандағы тұрғын үйлердің қасбетін жаңартуды жоспарлап отыр.