Өскемендегі университеттердің біріне ерекше мүсін орнатылды
Фото: Григорий Прыгов
Облыс орталығындағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мүсін қойылды.
Университет мамандарының айтуынша, мұндай мүсін әлем елдерінің ішінде алғаш рет осы оқу орнына орнатылған. Оны университетке жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Мүсін жобасын біздің студенттер жасап шықты. Ол алақан түрінде жасалған, яғни қолдың тазалығы мен адалдығын білдіреді. Мүсіннің тұғырынан екі логотипті көруге болады. Бірі – универсеттің, ал екіншісі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің белгісі. Біздің дерек бойынша, мұндай мағынадағы мүсін әлемнің өзге елдерінде жоқ, - дейді ШҚУ студенті, болашақ заңгер Дильназ Марат.
Сондай-ақ ескерткішке үш тілде «Қолымыздың тазалығын сақтайық» деген жазу жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің фронт-офисі ашылған болатын.
Оқи отырыңыз
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылдыШҚО университеттерінде ерекше жазба пайда болдыӨскеменде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандарына пәтер берілдіСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзгерістер түсіндірілді – ШҚОШҚО-да ҰБТ-ға сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары қатысады