«Шығыс ақпарат» ЖШС сайттың кезекші әкімшісі лауазымына конкурс жариялайды
Фото: inform-progulka.by
«Шығыс ақпарат» ЖШС «Сайттың кезекші әкімшісі» (ауысыммен, толық емес жұмыс күні) лауазымына конкурс жариялайды.
Талаптар:
- Білімі жоғары, аяқталмаған жоғары (журналистика, филология мамандықтары болса тіпті жақсы );
- БАҚ-та жұмыс тәжірибесі болса құба-құп;
- ақпараттық себептерді таба білу, деректермен сауатты жұмыс істеу;
- сауатты сөйлеу және жазу;
- дәстүрлі БАҚ және әлеуметтік желілердің ақпарат ағымында жұмыс істей білу;
- бірнеше жұмысты бірге алып жүре алу;
Жауапкершілік және міндеттер:
- кешкі немесе түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ауысыммен кезекшілік атқару;
- ақпараттық себептерді өз бетінше іздеу, сайттағы жаңалықтарды қайта жазу (рерайт);
- электронды ресурсты басқару аймағында мәтінді ресімдеу және жариялау;
- ұсынылған ақпаратты кезекшілік кезінде электронды ресурста жариялау.
Еңбекақы: әңгімелесу кезінде белгіленеді (100 мың теңгеден төмен емес)
Жұмысқа орналасу түрі:
- ақылы қызмет көрсету шарты бойынша (штаттан тыс)
Конкурсқа қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:
- түйіндеме;
- білім туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
Көрсетілген құжаттар otdelkadr@mail.kz электронды поштасына жіберілсін.
Сіздің электронды поштаға жіберілген хабарламаңыз конкурсқа өтінім болып саналады. Іріктеуден өткен жұмыс іздеушілер әңгімелесуге шақырылады. Ол жерде біліктілік деңгейін анықтау үшін тест тапсырмасы беріледі.