KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

«Шығыс ақпарат» ЖШС-не фотокорреспондент қажет

Фото: istockphoto.com

20.10.2023, 13:00 212

«Шығыс ақпарат» ЖШС бос тұрған фотокорреспондент лауазымына конкурс жариялайды.
Талаптар:
- фотография, кино-бейнетүсіру және осы салаға жақын мамандықтар бойынша білімі немесе фото-бейнетүсіру тәжірибесі болуы керек;
- жарық түсіру дағдыларын меңгеру, ракурс таңдау, портреттік суреттерді, қозғалыстағы динамикалық суреттерді түсіру, сюжетті түсіну, жағдай өзгерген кезде кадрды анықтау, фотосуретті өңдеу, түсіру жағдайына байланысты объективпен және диафрагмамен жұмыс істеу, фото-дизайнның барлық дағдыларын білу.
Жауапкершілік және міндеттер:
- оқиға орнынан фото және видео түсіру;
- статикалық түсірілім;
- қозғалыста түсіру;
- бағдарламаларды пайдаланып фотосуреттерді өңдеу;
- сахналық түсірілім;
- фоторепортаждар, фотогалереялар құру;
- репортермен бірге жұмыс барысында түсіру; 
- фотосессиялар өткізу. 
Еңбекақы: әңгімелесу кезінде (280 000 теңгеден төмен емес) нақтыланады.
Жұмысқа орналасу тәртібі: 
- Еңбек кодексіне сәйкес келісімшарт (штаттық қызметкер);
- ақылы қызмет көрсету келісімшарты (штаттан тыс).
Конкурсқа қатысу үшін:
- жұмыс тәжірибесі, дағдылары, оның ішінде жеке жобалардағы жұмысы сипатталған түйіндеме; жұмыс орнының сайты немесе телефоны;
- электронды фотосуреттер портфолиосы: 3 портреттік, 3 қозғалыста, 3 үй-жайда, 3 ашық кеңістікте, табиғатта, елді мекен көшелерінде;
- бұрынғы жұмыс орындарынан және жобалардан ұсыныстар (плюс болады);
- білімі туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
Көрсетілген құжаттар otdelkadr@mail.kz электронды мекенжайына жіберілсін.
Сіздің электронды хабарламаңыз конкурсқа өтінім болып саналады. 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.10.2023 ж. бастап 05.11.2023 ж. дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив