KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Өскеменде биыл төрт трамвай жаңартылды

15.12.2023, 11:39 277 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы облыс орталығында трамвай депосы жөнделіп, төрт қоғамдық көлік жаңартылды.

Жыл басынан бері қауіпті учаскелердегі рельстер ауыстырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

1972 жылы салынған трамвай депосының төбесінен су ағып, қабырғалары қақырай бастаған. Сондықтан көлік компаниясының өкілдері әуелі депо ғимаратын жөндеуді қол алды. Мемлекет меншігіне қайтарылған төрт жыл ішінде ғимараттың жұмысы жанданған көріуге болады.

Биыл 40 жылда алғаш рет қалаға жаңа трамвайлар әкелінді. Қазақстан көшесі мен Үлбі көпіріне дейінгі учаскелер бойынша трамвай жолдары жаңартылды.

- Негізінен қаладағы трамвай паркінде шешілуі керек мәселе жетерлік. Оның бірі – тозығы жеткен ғимарат болатын. Сондықтан күрделі жөндеу жүргізуге шешім қабылдаған едік. Басқа мәселелер де біртіндеп шешіліп келеді. 4 қоғамдық көлік жаңартылып, 3500-ге жуық рельстер ауыстырылды. Жұмысшылардың да жалақысын өсірдік, - дейді қала әкімі.

Еліміз бойынша үш қалада ғана трамвай жүретіні белгілі. Облыс орталығындағы трамвайлар өзін-өзі ақтайтын қоғамдық көлік түріне жатады.

Шаhар басшысы өз сөзінде қала тұрғындарының 30% - ы осы қоғамдық көлікпен қатынайтынын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив