KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Өскемен трамвай паркіне 63 млн теңге субсидия бөлінді

Сурет автордікі

15.08.2023, 09:30 171 Оразай Жеңісұлы

«Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС 63 миллион теңге субсидия бөлінді.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығының басшысы бұрын трамвай паркі жеке меншікте болғанын, сол кезде қараусыз қалып, тоз-тозы шыққанын атап өтті. Мемлекет меншігіне қайтарылған төрт жыл ішінде трамвай депосында жұмыс жанданған көрінеді.

– Ең бірінші, трамвайларды жөндей бастадық. Көліктер өте ескі. Қазір бірнеше вагон жөнделді және 40 жылда алғаш рет жаңа трамвайлар әкелінді. Екіншіден, қауіпті учаскелердегі рельстерді ауыстырып жатырмыз, – деді қала әкімі.

Бүгінге дейін облыс орталығында төрт шақырымға жуық рельс жаңартылды, енді мамандар байланыс желілерін ауыстырып жатыр.

– Екінші жыл қатарынан трамвай паркін субсидиялап жатырмыз, сол арқылы шығындарын жабамыз. Бұл кәсіпорынның қалыпты жұмысына және халыққа сапалы қызмет көрсетуіне, қызметкерлердің жалақысын көтеруге көп септігін тигізеді. Тамыз айынан бастап жыл соңына дейін көлік компаниясына субсидия ретінде 63 миллион теңге бөлінді, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив